top of page
Search

«ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» атты Халықаралық студенттік конференциясы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті студенттер және ғылыми жетекшілер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Жоғарғы медицина мектебі Сізді Дүниежүзілік сирек кездесетін аурулар күніне орай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған «ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» атты Халықаралық студенттік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2024-жылдың 29 ақпанында гибридті форматта өтеді.

 

Конференцияның секциялары:

1. Орфанды аурулар: молекулярлы патогенезі, диагностикасында қолданылатын заманауи технологиялар, емдеу тәсілдері.

2. Түрлі мамандықтағы дәрігерлердің тәжірибесінде болатын сирек кездесетін және таныс емес аурулар.

3. Әдеттегі аурулардың асқынуы мен типтік емес көріністері.

4. Орфанды ауруы бар науқастарды оңалту.

5. Клиникалық жағдайларды талдау.

 

Қатысушылар: студенттер, интерндер, магистранттар, PhD докторанттар, резиденттер, жас ғалымдар (35 жасқа дейін)

 

Конференция өткізу тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Қатысу формасы: баяндамашы, тыңдаушы.

Баяндама оқу уақыты: 10 минут.

 

Конференцияға қатысу үшін мына сілтеме арқылы 2024 жылдың 22 ақпанына дейін тіркелу қажет: https://forms.gle/YnPCB8FXWTdB5szS9

 

Тіркелген қатысушылар конференция соңында сертификат алады.

 

Материалдарды жариялау үшін 2024 жылдың 22 ақпанына дейін тезис/мақаланы dcs.conference2023@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет.

 

Конференция материалдары конференцияның арнайы жинағында жарияланады.

 

Мақаланы/тезисті ресімдеу ережелері:

1) Мақала/тезис атауы;

2) Автордың/авторлардың толық аты-жөні (авторлардың максимальды саны – бесеу болу керек);

3) Мекеменің атауы, қаласы, елі;

4) Мәтін (кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, мақалаға арналған әдебиеттер тізімі)

5) Шрифт Times New Roman – 12, 1 интервал, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақ шеттері – 2 см.

6) Бет бағыты - тек портрет;

7) Тезистер көлемі – 1 бет, мақалалар – 3-5 бет.

 

Постерлік баяндаманы рәсімдеу ережелері:

1) Постерлі баяндама атауы;

2) Автор толық аты-жөні (авторлар);

3) Ғылыми жетекші;

3) Мекеме аты, қала, мемлекет;

4)  Негізгі бөлім (кіріспе, тәсілдері, нәтижелер, қорытынды, әдебиеттер тізімі);

5) Постер PowerPoint форматында ұсынылады (3 слайдтан аспайды).

 
 
 

Recent Posts

See All
«Болашақ медицинасы» 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік практика кафедрасы Сіздерді...

 
 
 

Comments


bottom of page