«Болашақ медицинасы» 2025
- Kaznu Med
- Feb 21
- 2 min read
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік практика кафедрасы Сіздерді
17 сәуір 2025 жыл «Болашақ медицинасы» атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады
Қазіргі кезде медицина жаңа дәуірге қадам басуда – дәрігерлер жеке органдарды емдеуден адамның жалпы денсаулығын жүйелі түрде басқаруға көшуде. Жаппай емдеу әдістерінің орнына биомаркерлерге негізделген дербестендірілген терапия келуде, биотехнологиялар қарқынды дамуда, робототехника жаңа мүмкіндіктер ашуда. Болашақ медицинасы өмір бойы денсаулық жағдайын дәл диагностикалауға және болашақта өзіңіз бен ұрпақтарыңызда пайда болуы мүмкін ауруларды болжауға мүмкіндік береді. Бұл алдын алу медицинасының дамуына серпін беріп, ауруларды ерте кезеңде анықтап, алдын алу міндетін қояды.
Конференцияның негізгі бағыттары:
o Клиникалық медицинаның пәнаралық мәселелері.
o Жеке аурулар қаупін болжау, ауруларды анықтау, емдеу тиімділігі мен нәтижелерін бағалау, жаңа дәрілік заттарды әзірлеуге арналған биологиялық маркерлер.
o Медицинадағы заманауи IT-технологиялар (сандық технологиялар, дәрігерлік шешімдерді автоматтандырылған қабылдау жүйелері). Медициналық жасанды интеллект.
Конференцияға шетелдік және отандық жетекші ғалымдар, барлық медициналық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары (докторанттар, магистранттар, интерндер, жоғары курс студенттері) қатысады.
Конференция аясында LED-экрандарда қазіргі заманғы диагностика және емдеу технологияларының жетістіктерін таныстыратын жас ғалымдар байқауы өтеді.
Конференция гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтеді.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби кітапханасы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 4-қабат.
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылғы 15 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет:
Материалдарды жариялау үшін 2025 жылғы 7 сәуірге дейін мақала/тезис/постерлік баяндамаңызды мына электрондық поштаға жіберу қажет:
Конференция материалдары арнайы жинақта жарияланады.
Бұл іс-шара НМО оқу іс-шараларын бағалау комиссиясы тарапынан 12 академиялық сағат көлемінде аккредиттелген.
Қосымша ақпарат алу үшін:
📞 Асель Даулетбаевна – 8 702 282 81 83
📞 Улжан Бауржановна – 8 700 690 13 50
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті
Қосымша 1
Мақала/тезисті рәсімдеу ережелері:
1. Мақала/тезис атауы;
2. Автор(лар)дың аты-жөні;
3. Ұйым атауы, қала, ел;
4. Мәтін (кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, әдебиеттер тізімі – мақала үшін);
5. Жиектері (жоғары, төмен, оң, сол) – 2 см, қаріп Times New Roman - 12, жоларалық интервал 1.
• Тезистің көлемі: 1 бет
• Мақала көлемі: 3-5 бет
Постерлік баяндама рәсімдеу ережелері:
1. Постерлік баяндама атауы;
2. Автор(лар)дың аты-жөні;
3. Ғылыми жетекші;
4. Ұйым атауы, қала, ел;
5. Негізгі бөлім (кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, әдебиеттер тізімі);
6. Постер PowerPoint презентациясы түрінде ұсынылуы тиіс (LED-экрандарда көрсету үшін).
Comments